Ертіс телеарнасының журналисті, жазушы Жанасыл Серікболдың «Сарсаң» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Тырнақалды туындының таныстырылымы облыстық кітапханада өтті. Әріптесіміздің қуанышты сәтіне арнамыздың түсірілім тобы да куә болып қайтты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп, «Қазақстанның жаңа әдеби панорамасы» атты жоба ұйымдастырды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жас қаламгерлер іріктеліп, әрқайсысы өзіне тиесілі мекен бойынша қалам тербеді. Олардың қатарында әріптесіміз Жанасыл Серікболдың «Сарсаң» атты кітабы бар

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЖУРНАЛИСТ, ЖАЗУШЫ

Мен тиісінші осы Алматы қаласына жолым түсті, бұйырды. Бір жағынан өзімде солай қалаған болатынмын, өйткені жақсы таныс. Студенттік кезім сол шаһарда өтті, өзімде сол қалаға үміттеніп жүргенмін. .Алматы қаласына барып, жобаның шарты бойынша 3 айдың ішінде осы кітапты аман-есен жарыққа шығардық 

«Сарсаң» кітабы Алматы қаласының көркем бейнесі топтастырылған туындылардан тұрады. Кітапта романнан бөлек, новелла, әңгіме, эсселер бар. Алматының бай тарихы мен көпқырлы мәдениеті, оның ішінде қала өмірінің түрлі аспектілері мен қиыншылықтары айқын әрі шынайы суреттелген.Жалпы, жазушы алып шаһардың ішкі өміріне тереңірек үңіледі. Бұл кітап 300 данамен жарыққа шықты, нағыз әдебиетсүйер оқырмандарға арналған.

ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЖУРНАЛИСТ, ЖАЗУШЫ

Бұл жобаның берген үлкен олжасы , мысалы бұрын көлемді дүние жазбадық деп айттым ғой. Демек енді жазуға болады екен, менің қолымнан келеді деген үлкен бір үміт сыйлады. Сондықтан алдағы уақытта бұйырса жақсы дүниелер болады деп ойлаймын 06:15


Өңіріміздің ақын-жазушылары «Сарсаң» романын әдеби талқылап, жазушының шығармашылық әлеуеті зор екендіігн айтады.

ЕЛАМАН ҚАБДІЛӘШІМ, АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ

Жалпы жазушы, шығармашылық адам ретінде Жанасылдың әлеуеті зор. Өзінің мүмкіндігін толық пайдалана алады деп сенемін. Қазақ әдебиетіне жаңа шығармалар алып келеді деп ойлаймын. Сарсаң романы қарапайым тақырып, оқиға, қарапайым дүние болғанымен ойы терең. Кез келген адамды ойландырып, оқырманды ерекше сезімге жетелейді деп ойлаймын 


Жазушы Алматы қаласының көркем бейнесін баяндайды, сондықтан кітап әркімнің жүрегіне жол табатын шығарма болары сөзсіз. Осы сәтте әріптесімізге жазарыңыз таусылмасын деп, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз!  

ҚЫМБАТ САДЫҚ