Мектеп мұғалімдері қолдан сабын жасап, сөмке тігіп, құрт жаюды үйренді. Бұл шеберлік сабақтары «Біртұтас тәрбие» жобасы аясында өткен облыстық семинарда ұйымдастырылды. Шара жайлы Самал Қалиқызы айтсын.
Соңғы кезде мектептерде «Біртұтас тәрбиені» арқау қылып біраз дүниелер өтіп жатыр. Сөйтсек, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы Президенттің Ұлттық құрылтайда «білім беру саласына ұлттық тәрбиенің тұжырымдарын енгізу туралы» айтылған сөзінен кейін қолға алынған жоба. Қазір бірыңғай бағдарлама мектептерге қарқынды енгізіліп жатыр.
ГҮЛНАР КҮЛШАРИПОВА, ҚАЛҚАМАН АУЫЛДЫҚ ЖОББ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тамыз айында біз Астана қаласына барып, тренерлік курстардан өттік. Бұл бағытта Павлодар облысында 9 тренер бар. Солардың бірі менмін. Сол тамыз айынан бері педагогикалық ұжымдарға барып, «Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдарламасын енгізу, онымен жұмыс жасау бойынша курс, семинар өткіземіз.
«Біртұтас тәрбие» жобасы аясында ұстаздарға арналған облыстық семинар Мәмәйіт Омаров ауылының Жамбыл атындағы орта мектепте өтті. Ақсу қаласы мен ауылдық аймағының барлық білім ошақтары ұйымдастыру барысына атсалысты.
АСҚАР ЗЕЙНЕЛХАБДЫЛ, ЖАМБЫЛ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру семинардың мақсаты. Жалпы өзіміздің мектеп бойынша, Ақсу қаласы бойынша тәжірибемен бөлісу. Семинарымыз бірнеше пункттерге бөлінген. «Біртұтас тәрбие» бойынша атқарылып жатқан жобалар бойынша жүзеге асыралатын болады.
Семинар барысында қатысушылар бірнеше секторларға бөлінді. Осылайша ұстаздар қауымы қолдан сабын құйып, құрт істеп, сөмке және баудан түрлі заттар жасады. Сынып сағаттары ұйымдастырылды.
СЕЛЕНГЕ ХАЛЕҚЫЗЫ, ҚАРАОБА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ (АҚТОҒАЙ АУДАНЫ)
Алғашқы келген сәттен ақ керемет ұйымдастырылған семинар болып жатыр. Және бізде ұлыттық құндылықтар бойынша мастер класс өткізілген болатын. Өзім жасадым осыны. Өте қатты ұнады. Бір көрсеткеннен кейін бірден жасадым. Керемет дүние екен.
Облыстық семинарға Май, Ақтоғай, Баянауыл, Аққулы аудандарынан 80-ге жуық ұстаз келіп, қатысты. Бәрінде бір мақсат - тәжірибе алмасу, жаңа тәлім үйрену.
БАЛКЕН ӘБІЛҚАСОВА, Д.РАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ)
Біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілгеннен бері біздің де мектебімізде түрлі іс шаралар өткізілуде. Жаңағы, «Үнемді тұтыну», «Күй күмбірі» деген сияқты. Әр бағытқа бөлінген құндылықтар бар. Бүгін керемет әсер аламыз деген ойдамыз.
Семинар соңында ауа райының қолайсыздығына қарамастан әкелер мен «Мирас» ұлдар клубы «Көкпар» мен «Теңге ілу» ұлттық ойындары бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Самал Қалиқызы