Павлодар облысында жылына 2500 жуық адам мемлекеттік тілді үйренеді екен. Бұл «Ана тілі» орталығы арқылы ғана оқып шыққандар саны. 16 қаңтардан бастап жаңа топтар ашылды, онда кімдер мемлекеттік тілді үйреніп жүр? Тілшіміз жалғастырсын.

Алена Борисенко былтырдан бастап қазақ тілін үйрену курсына қатысып келеді. Қазір балаларымен сөйлесіп, қарапайым сөздермен ойын түсіндіре алады.

АЛЕНА БОРИСЕНКО, КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ

Фельшер болып жұмыс істеймін. Мен қазақ тілін оқып жатырмын. Мен қазақ тілін жақсы көремін.

16 қаңтардан бастап, жаңа топтар ашылып, мемлекеттік тілді үйренем деушілер қатары толықты. «Ана тілі» орталығы қолға алған курстар онлайн, офлайн жүргізіледі. Қазір онлаин түрде 5 топ, офлаин түрде 6 топ жұмыс істеп жатыр.

ШОЛПАН КИНЖИКОВА, «АНА ТІЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жазылғандардың арасында өзге ұлт өкілдері бар, мемелкеттік органдардың қызметкерлері бар. Себебі, сот жүйесінің, құжаттарын дайындауға, ресімдеуге арналған тереңдетілген бастауыш деңгейлер. Бастауыш топтарға бастапқы ақпарат беріп жатырмыз. Басты мақсат қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Бізде дағды қалыптаспай тұр, ынталандыру бар, бірақ ол өзгерісті өзгерісті дүние. бірақ дағды жоқ. Ал қазақша сөйлеу әдеті ол тұрақты.

Жалпы, бұл курстар арқылы жылына 2500 жуық адам мемлекеттік тілді үйренеді екен. Яғни сұранысқа байланысты әр ай сайын жаңа топтар ашылады.

Самал Қалиқызы