Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері тұрақты негізде қару, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды табу және тәркілеу жөніндегі жұмыс жүргізуде. Мәселен, соңғы екі жылда 1000-нан аса қару тәркіленген.

 

Жыл басынан бері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ 6 граната және 150-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛІ

Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті тергеу изоляторы қызметкерлерімен бірлесіп, Түркісіб ауданында қару жасалған жерді анықтады. 3 шолақ мықтық, 3 тапнша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған каробин тәркіленді. Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аварет және екі шолақ мылтық табылды. Ақтөбеде 56 патроны бар тозвин токасы мен F1 гранатасын тәркіледі. Алматы облысында екі қару, 5 граната және калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған екі макаров тапаншасы табылды. Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленді 

Айта кетейік, соңғы екі жылда заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіленген, , оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында болмақ.

ҚЫМБАТ САДЫҚ