Павлодарда Ертіс өзенінің үстінде суретке түспек болған әйел мұздың астына түсіп кетті. Құтқарушылар оны дер кезінде судан алып шықты.
Оқиға демалыс күні, орталық жағалауда орын алды. 1994 жылы туған әйел жұқа мұзға шығып, суретке түспек болған. Мұз қалыңдығы жұқа болып, әйел суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оны судан шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.
ДАНИЛ СОЛОВЕЙ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұзға шығуға тыйым салады. Ауа райының өзгеруіне байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Өзіңізді және өміріңізді қауіпке тікпеңіздер. Сақ болыңыздар.
Құтқарушылар жұқа мұзға шығудың өте қауіпті екенін ескертеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мұзға шықпауға кеңес береді.
САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА