Павлодар облысында жедел жәрдем қызметі жүрек талмасына ұшыраған ер адамды құтқарып қалды. Оқиға қала маңындағы ауылдардың бірінде болған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты.

 

 Оқиға 26 қаңтар күні орын алды. Қала маңындағы Теміржолшылар ауылынан жедел жәрдемге шұғыл қоңырау түсті. 53 жастағы ер адам жүрек ауруына шағымданды. Жедел жәрдемнің фельдшерлік бригадасы шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, көмек көрсетті.

АСҚАР ҒАЗИЗОВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Диспетчер жақын маңдағы фельдшерлік бригаданы жіберді. Олар оқиға орнына жетіп, көмек көрсете бастаған кезде, науқастың жүрегі тоқтап қалды. Бригада реанимация жасап, дефибрилляторды қолданды. Диспетчер арнайы кардиологиялық бригаданы да шақырды. Олардың келуіне дейін фельдшерлер науқастың жағдайын тұрақтандырып үлгерді. Қазіргі таңда науқас арнайы мамандардың қарауында. 00:57

Дәрігерлердің шұғыл әрекеті арқасында науқас аман қалды. Ол аймақтық кардиологиялық орталыққа жеткізілді.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА