Қаламыздағы университеттердің бірінде «Криптовалюта» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Оған облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары да қатысты. Жалпы критовалюта нарығының берері мен алары не? Толығырақ тілшіміз айтсын.
Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр криптовалюта нарығының айналасында екі түрлі пікір бар. Қоғамның жартысы ақша табудың бұл жолын қолдаса, бірінде қарсылық бар.
Егер сен биткоинды көбірек сатып алсаң, бйисың дегенді білдірмейді. Мемлекет көбірек өндіріске, ауыл шаруашылығына, басқа да салаға ақша бөлсе сол кезде мемлекеттің даму процесі жүреді. Өйткені сенің ібілімін, ғылымын өсе бастайды. Осы жерде дамып жатыр деп айта аласын. Біз биткоин, крипотвалюта арқылы дами алмаймыз.
НҰРХАН ЕРАЛЫ, СТУДЕНТТЕР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі формат британдық парламенттік формат деп аталады. 4 команда , 8 адам. Әрқайсысына 7 минуттан уақыт беріледі. Бүгінгі біздің қозғайтын тақырып, әлемде кең ауқымда айтылып жатқан критовалюта бойынша талқылаймыз. Оның не дұрыс, не бұрыс екенін ойыншылар талқылайтын болады Әртүрлі салалардан қамтылған. Экономика факультетінен бар, инженерия факультетінен бар, олардың барлығы криптовалютай жайлы өз ойын айтатын болады.
Дебатты студенттер мен Павлодар облыстық экономикалық тергеп тексеру департаменті өткізді.
ҒАЛИАСҚАР ҚАСЫМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда департаментпен екі сотқа дейінгі іс аяқталды. Ол екі азаматқа қатысты. Олардың бірі Ресей Федерациясының азаматы, екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы. Олар заңсыз криптовалюта айналамымен айналысқан. Біреуіне қатысты сот үкімі шықты. Криптоактивтердің, қаражаттардың бәрі мемлекет есебіне тәркіленді. Оған 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Яғни ол біздің елдің тумасы, Шығыс Қазақстан облысынан, бірақ қазан айында Новосібірге көшіп кеткен.
Жалпы 2024 жылы елімізде жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз крипто айырбастау пункті жойылды. 4,8 млн доллар (шамамен 2,5 млрд теңге) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленді.
Самал Қалиқызы