Бүгінде қарапайым халықтың шынайы ризашылығына бөленетін кәсіп жетерлік. Тек ерінбей еңбектене білсе болғаны. Оны біз күнделікті өмірден көріп жүрміз. Жастайынан еңбекпен есейген жанның бірі– Денис Шведунов. Ол 30 жыл бойы автомеханик боп еңбек етіп келеді.
Денис Шведунов көлік жөндеу орталығына жас маман ретінде орналасқан еді. Ол кезде 11-сыныпты енді аяқтаған, содан бері міне 30 жыл уақыт өткен. Кейін осы салада арнайы білім алу туралы шешім қабылдайды.
ДЕНИС ШВЕДУНОВ, АВТОМЕХАНИК
Бала күнімде үнемі әкеммен бірге көлік жөндедік. Ол мені жұмысқа баулыды, көп нәрсені түсіндірді. Қазір соның барлығы есімде, жұмысыма да пайдасын тигізіп келеді.»
Иә, адамдармен жұмыс әрдайым күтпеген жағдайларға толы. Кейде көңіл-күйі жоқ клиент кездесіп, жұмысқа кедергі болатын жайттар да болады. Кейіпкеріміздің айтуынша, жұмыстың ең кемшіл тұсы осы. Тек өз саласын жақсы көретін, төзімді жандар ғана шыдай алады дейді ол.
ДЕНИС ШВЕДУНОВ, АВТОМЕХАНИК
Біз жай ғана гараждан бастадық. Турасын айтқанда ештеңе жоқ еді. Барлығы домкраттармен істелетін, құрал-жабдықтар да бола бермейтін. Қазір қарап отырсаңыз, барлық жағдай бар. Тіпті машинаны көтергіштер, арнайы кілттер, жабдықтардың түр-түрі бар. Яғни жұмыс істеу біршама жеңілдей түсті» «Бұл салаға келу үшін бір мақсат, әрі ұнатып келуі керек. Қарапйым теорияны көп оқи бергеннен гөрі, практика маңызды. Жүз рет естігенше, бір рет болсын істеп көрген дұрыс»
Автомеханик мамандығы – бұл тек көліктерді жөндеу ғана емес, өзіне үлкен жауапкершілік пен терең білімді талап ететін сала. Бұл мамандықты таңдайтын адамдар көліктердің құрылымын жақсы түсініп, әртүрлі техникалық қиындықтарды шешуге дайын болу керек.
Автомеханик – тек темірмен жұмыс істеу емес. Бұл – шыдамдылықты, шеберлікті және құштарлықты талап ететін өнер.Сондықтан бұл салада жүрген жандардың еңбегі жоғары бағалануы тиіс.
ҚЫМБАТ САДЫҚ