Павлодар облысында мемлекеттік қызметте есепшілер мен мамандар жетпейді. Басым бөлігі ауылдық жерде. Сондай-ақ, өңірде 2025 жылы 13 адам ротацияға жатады. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 4 мыңнан асады. Қазір оның 3700-і бос емес. Өңір бойынша 241 ашық вакансия бар. Олардың көбі ауылдық жерлерде дейді департамент басшысы.

АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Өкінішке орай, ауылдық жерлерде жетіспейді. Мысалы ауылдық жерлерде бухгалтерлер жоқ. Сосын бізде дара, жеке жұмыс істейтін бөлімдер бар. Мысалы, коммуналдық бөлімдер, тұрғын үй бөлімдер, құрылыс бөлімдерде адам жетіспейді. Олар мамандар.

Сонымен қатар, департаменттің ақпараты бойынша облыста былтыр 50 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылған. Олардың басым бөлігі құқық қорғау саласында жұмыс істейді екен.  

АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сол 2024 жылы 50 адам мәліметтерге сәйкес қылмыс жасау фактілері бойынша сот үкімдері негізінде 50 тәртіптік жазаға тартылды. 12 адам жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері, тәртіптік жазаға тартылған. 3 адам орталық мемлекеттік органдардаың аумақтың бөлімшелерінде, 34 адам құқық қорғау органдары, 1 адам квазимемлекеттік органдарда жұмыс істейді.

Биыл облыста 13 адам ротацияға жатады. Олардың кім екенін департамент басшысы айтты.

АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Білім беру басқармасында басшының орынбасары, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасында басшының орынбасары, мәдениет, құрылыс, қаржы басқармаларының басшыларының орынбасарлары және қалалық әкімдікте орынбасары, Екібастұз қаласы, Железин, Павлодар, Тереңкөл аудандарында кейбір мамандар ротацияға биыл жатады.

Сондай-ақ, Павлодар облысында 4 мемлекеттік қызметкер зейнетке шығар алдында жұмыс істеп жатыр. Олар ротацияға жатпайды, жұмыстан да шығарылмайды. Одан бөлек, брифинг барысында департамент басшысы жалақысының қанша екенін. Жалпы еңбек өтілін қосқанда Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы 500 мың теңгеден аса алады екен.

Самал Қалиқызы