Аққулы ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері Қарақала ауылында «Өрттің алдын алу – ортақ міндет» акциясын өткізді. Шара барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін түсіндірді.

 

Тұрғын үйлерде шығатын өрттің негізгі себебі – электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау және пешті жағу кезіндегі қателіктер. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметінің мамандары үй-үйді аралап, қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат таратты. Түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ШЫҢҒЫС АДАЛБОЛОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ

Аққуы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі полиция бөлімі білім бөлімімен бірлесіп, әлеумметтік осал топтағы отбасыларының үйінде рейдтік шаралар өткізді. Рейд барысында тұрмыстық жағдайлар және өртті сақтау ережелері берілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. 

Айта кетейік, акция барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар басты назарда болды.

САБИНА ЖОЛДАСПАЕВА