Биыл Павлодар облысында 15 адам қызылша жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмаған. Науқастардың қазіргі жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.

 

Қызылша сырқатынан кейін асқынулары ауыр болады. Сондықтан санитарлық мамандар, ата аналардың екпе салдырғаннан гөрі бір рет ауырып шыққан дұрыс деген пікіріне қарсы. Қай заманда болсын екпе алған қоғам ғана ауыр сырқаттарды жеңген. Мәселен, жыл басынан өңірде 10-нан астам адам вирусты жұқтырған.

ЕЛЕНА СУХОНОСЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

2025 жылдың басынан облыста қызылшаның зертханалық дәлелденген 15 жағдайы тіркелді. Олардың қатарында 14 бала 14 жасқа толмаған. 1 ересек адам. Ауырғандардың барлығы да екпе алмаған. Қызылшамен ауырып қалған ересек адам кішкентай кезінде екпе салдырған. Яғни екпенің күші жойылды. Ал, ауырған балалардың үшеуі 1 жасқа толмаған, екпе салдыратын кезеңге жетпеген. Тағы үшеуі медотводта болған, қалған 8 баланың ата анасы екпеден бас тартқан.

Айта кетейік, Жаңа жыл басталғалы ел аумағында 64 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Қызылшамен сырқаттанған балалар санының 83%-дан астамы екпе алмағаны анықталды. Ал, жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында елде көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Яғни сырқаттану жағдайы 73%-ға төмендеді. Айта кетейік, биыл көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелді.

 

Самал Қалиқызы