Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы жұмысшы мамандықтар жылына орай кәсіптік-техникалық әдебиетті насихаттауды қолға алмақ. Қазірдің өзінде «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» көрмесі жұмысын бастап кеткен.
Павлодар облыстық кітапханасында 3 млн ға жуық кітап қоры бар. Осыншама қордың ішінде кәсіптік-техникалық бағыттағы әдебиеттер саны аздық етеді дейді кітапханашылар. Әсіресе қазақ тіліндегі әдебиет аз.
Облыстық кітапханада «Адал еңбек» жобасы аясында әр қилы шаралар легі жыл бойы өтеді. Тақырыптық, кәсіби сағаттар, лекциялар мен экскурсиялар ұйымдастырылады.
Облыстық кітапханаға жыл сайын 30 мыңнан астам оқырман келеді. Оның 20 мыңға жуығы колледж студенттері. Осы орайда ізденуші жастарға кәсіби әдебиетті насихаттау мүмкіндігі мол деуге болады.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ