Өңірімізде «Ақ босаға» жас келіндер мектебі жарты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Оларға жастар бастамаларын дамыту орталығынан кабинет берілді. Арнамыздың түсірілім тобы ашылу салтанатына куә болып қайтты.


Қазақ халқының ұлттық негіздегі тәрбиесін насихаттап, болашақ жас келіндерге отбасы құндылықтарын түсіндіретін мұндай мектептің алар орыны зор. Сондай-ақ, қоғамдағы ене мен келін арасындағы түсініспеушілік, ажырасу секілді басты мәселелердің алдын алады.

ГҮЛДЕН АУБАКИРОВА, «АҚ БОСАҒА» ЖАС КЕЛІНДЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Ақ босаға жас келіндер мектебі «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы филиалына жатады. Басыт мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, жас келін мен ене арасындағы сыйластықты нығайту, салт-дәстүрімізді дәріптеу. Жалпы айтқанда «жақсы келін отбасының олжасы» деген терең мағыналы ұғымды жас келіндердің бойына сіңіру Биылғы жылға біздің мақсатымыз отбасылық психолог маманын табу, соны іздеу барысындамыз. Және полиция департаментімен де жұмыс жасаймыз деген мақсат қойдық 

Ақ босаға мектебі өткен жылдың қазан айында ашылып, жұмыс істеп келеді. Қазір мұнда 15 келін бар. Олар ұлттық дәстүрлерді сақтап, дамыту ғана емес, сондай-ақ келіншектерге отбасы құруда және мәдени, отбасылық құндылықтарды сақтауда қолдау көрсетеді.

РЫСТЫ ҚАБИДЕН, ЖАС КЕЛІН

Осындай мектеп біздің өңірімізге керек деп ойлаймын. Өйткені жас ұрпақ, жас келіндер білмегенін кімнен сұрарын білмесе, осында абысындар бар. Бір-бірімізге көмектесеміз, ақылымызды айтып, қолдау жасаймыз. Қазір қарқынды түрде жұмыс жасаймыз. Облыстағы мектептерге барып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып, ұмытылып жатқан дәстүрлерді көрсетіп, балаларды тәрбиеге, Отанды сүюге, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйретіп жатыр 

Мұнда ұлттық тағамдар дайындауға, отбасылық мерекелер ұйымдастыруға, қазақтың қонақжайлылық дәстүріне ерекше назар аударылады.

РЫСТЫ МУСИНОВА, «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ – ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» ҚБ ПОФ МҮШЕСІ

Халқымның шаңырағы келінсіз көтерілмеген, керегесіз керілмеген. Сол ата-бабаларымыздан қалған дәстүрді ары қара жалғастыруға керек мектеп осы. Сәт-сапар тілеймін. Қазақ аналары өте үлкен жұмыс атқарып жатыр 

«Ақ босаға» бұл жай ғана мектеп емес. Жас келіндердің дамуына, отбасы бақытының артуына мүмкіндік береді. Бастысы салт-дәстүрлерімізді насихаттай түспек.

 

ҚЫМБАТ САДЫҚ