Павлодарда Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің жұмыстары осыдан бірер жыл бұрын басталған, жұмыс қыста да тоқтаған емес. Бұл еліміздегі 1-ші санатты алғашқы көпірлердің бірі болмақ. Бірегей нысанның тағы қандай технологиялық ерекшелігі бар?Толығырақ тілші материалында.

Ұзындығы 690 метрлік нысан Ертістің сол жағалауымен оң жағалауын жалғайды. Бұл елдегі 1-ші санатты алғашқы көпірлердің бірі болмақ. Алып құрылысқа 200 адам жұмылдырылған.

НҰРМҰХАММЕД БЕЙСЕМБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр, 20 пайыздай жұмыс аяқталды. Қыс бойы жұмыстар тоқтап қалған жоқ, екі ауысымда жұмыс істейміз. Қазір құрылыс алаңында қадаларды орнату, тіреу бағандарын орналастыру жұмыстары аяқталып қалды.Жалпы 60-тан аса техника мен 200 адам бар. Барлығы рет-ретімен жүруде, графиктен қалу жоқ

Қақаған аяз бен боранды күндері жауапты сала мамандары бұрғылау және бетон құю жұмыстарына жылыту технологиясын қолдануда. Сәкен Бағландәнекерлеу маманы, 18 жылдық тәжірибесі бар. Көпір салуға бірінші рет қатысып отырмын дейді.

СӘКЕН БАҒЛАН, ГАЗ-ЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Өздеріңіз көріп тұрсыздар қазір қандай жұмыстар жүріп жатқанын. Бурение жүріп жатыр, соған дайындық жасаймыз. Бурение басталғанда біз бер жағындағы жұмыстарын жасай береміз Өзіміздің мамандыққа қарай жұмыс жасаймыз ғой, білетін болғандықтан мына жұмыстар жеңіл жүреді сварщиктердің жұмыстары

Бұл көліктік логистика саласындағы стратегиялық маңызды нысан ғана емес, республика бойынша архитектурасы ерекше көпір болмақ. 2027 жылы тапсырылады деп күтілуде.

Қымбат Садық