Павлодар облысында заңсыз лоторея билеттері сатылып, ұтысқа көлік тігілген. Шетелдік автокөлікті ұтқысы келген біраз азамат бірнеше лоторея билетін сатып алған. Заңсыз ойын бизнесі өткен жылы анықталды. 3 материал бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз құмар ойындарын ұйымдастыру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты және жүйелі жұмыс жүргізуде. Өткен жылы республика бойынша құмар ойын бизнесіне қарсы күрес аясында заңсыз құмар ойындардың 73 фактісі анықталды, 75 заңсыз мекеме, покер үстелдері мен терминалдар жойылды, алдын алу шарасы ретінде 11 700 сайт пен аккаунт бұғатталды, 85 әкімшілік хаттама толтырылды, 19 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 276 миллион теңгеден асты.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 1-ШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бірінші жағдай заңсыз ойын кәсібін ұйымдастыру бойынша. Павлодар аласының тұрғыны Ресейге шығып жүрген. Ойын бизнесін ұйымдастырған. Жұмыс істеген, 8 сағат сайын ауысып отырған. 24 жылдың маусымда анықталды. Күдікті кінәлі деп танылды. Сотқа жіберілді.
«Заң және тәртіп» жобасы аясында бұл бағытта да жұмыстар күшейтіліп келеді. 2024 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» елеулі өзгерістерге ұшырады. Негізгі өзгерістер жауапкершілік күшейтілді, айыппұлдар ұлғайтылды, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін айыппұлдар 2 еседен астам артты. Бірақ ойын бизнесін қолға алғандар әлі де тіркеліп жатыр.
ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 1-ШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Павлодар 1 факт, Екібастұзда 2 факт тіркелді. Әйел адамдар, лотомен ойын ұйымдастырған. Уақыт білгілейді. Группаға жібереді. 1000-20 мың теңге тігеді. Екі үшеуі ұтысқа иеленеді. Сондықтан спорт және туризм министрлігіне жолданды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға қатысқаны үшін жұмыстан босатылады. Біздің өңірде ондай фактілер тіркелмеді.
Самал Қалиқызы