Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған оқушылар алдында мамандық таңдау жауапкершілігі тұр. Бұл тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау деген сөз. Осы орайда бүгін полиция департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласының 11 сынып оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді. Кездесу барысында тәртіп сақшылары шәкірттерге эскурссия өткізіп, қызмет тынысымен таныстырды.
Бұл жақында жөндеу жұмыстары жүргізілген жедел басқару орталығы. Оқушылар қырағы көз-камералардың мүмкіндігімен танысты. Заманауи құрылғының септігі зор. Биыл бақылау арқылы ізін суытпай жүздеген қылмыстың беті ашылды. Айта кетейік, заманға сай құрал жабдықтардың арқасында полицияда еңбек ету жеңілдей түсті. Елімізде 4 академия тәртіп сақшыларын оқытады. Онда оқуға түсу үшін физикалық дайындық, білім және ниет болу керек.
ЛАУРА БАЙБЕК, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ КАДР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Полиция департаменті білім орталықтарымен бірігіп, үгіттеу ретінде ашық есік өткізіп жатырмыз. 11 сынып оқушылары арасында. Қазақстан Республикасы ІІМ де Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ақтөбе заң Академиялары бар. Осы орайда бүгін біз 11 класс сыныптары арасында үгіт жұмысын өткізіп жатырмын
Ішкі істер министрлігінің Академиясына оқуға түсуге ниетті оқушылар қатарында нәзік жандылар да бар. Ақерке Шідербай Павлодар қаласының №1-ші мектепте білім алады. Тергеуші болуды армандаған бойжеткен Алматыдағы Академияға оқуға түсуге ниетті.
АҚЕРКЕ ШІДЕРБАЙ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мен болашақта тергеуші-криминалист мамандығына түскім келеді. Кішкентайымнан армандап келе жатқан жалпы арманым болады. Полицияға жұмысқа орналасқым келеді. Ең басты мақсатым осы.
Бұдан кейін шәкірттер музей мен криминалистикалық зертханаға барды. Одан «Динамо» спорт кешенінде болды. Айта кетейік, мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды сәт. Бұған байыптылықпен қараған жөн.
Әйгерім Тоқпанқызы