Дүкен және аула үйлері иелері аумақтарын қардан тазартуға асығар емес. Ауа райының тұрақсыздығы жылдағымен салыстырғанда жауған қардың тез арада көктайғаққа айналуына әкеліп отыр. Соған байланысты биыл тұрғындар қалың қардан емес, көктайғақ мұздан зардап шегіп отыр. Осы орайда қала әкімдігі мен жергілікті полиция жеке нысандардың иелеріне аумақтарын тазалау керектігін ескертеді.
Абаттандыру жұмыстарын дұрыс атқармағаны үшін аумақ иелеріне 600 ге жуық ескертпе жасалған екен. 30 тұлға айыппұл арқалады. Айта кетейік, қаланың абаттандыру ережесіне сәйкес нысан қожайындары бес метрге дейінгі аумақты өздері тазалауы керек.
ТОҚМҰХАМЕТ ҚАБЫЛТАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осы факторды орындамағаны үшін 30 факт болды. Содан кейін біз полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 505 бабына сәйкес айыппұл салдық.
Әрбір түскен шағым елеусіз қалмайды. Әуелі мамандар ескерту жасайды. Нысан иелері ескертуді бірден қабылдап, міндеттерін атқарса фото арқылы көрсетеді. Ал қар жиналып, көктайғақ күрелмесе онда 8 705- 160- 10-40 нөміріне шағым түсіруге болады.
Әйгерім Тоқпанқызы