Павлодар қаласында мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысын ұрып жіберген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға 19 ақпан күні түстен кейін №36-ші мектептің ішінде болған. Күзетші үзіліс кезінде жасөспірімнің кеудесінен ұрған. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, шабуылдаушы медициналық айықтырғышқа жіберілді.

ЖАНАР БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Жеткіншек анасымен бірге дәрігерлерге жүгінген. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қазір 1965 жылы туған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Полиция күзетшінің мас болғаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етіп отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Әйгерім Тоқпанқызы