Жастардың көпшілігі техникалық мамандықтан қашады деу қателік. Бұл саланы саналы түрде таңдап, жемісті еңбек етіп жүрген жастар да жетерлік. Солардың бірі- Елдос Тұяқбай. Ол Павлодар қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді.
Елдос Тұяқбай 9-классты тәмамдаған соң еш ойланбай техникалық мамандықты таңдаған. Павлодардағы колледждердің бірінде оқып білім алған. Қазір жұмысымен қатар, өз мамандығы бойынша жоғары білімді де алуда. Айтуынша, өз мамандығына алғашқы білім сатысын алып жүрген кезде дағдылана бастаған.
ЕЛДОС ТҰЯҚБАЙ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ОПЕРАТОРЫ
Колледжде оқып жүрген кезде іс-тәжірибеден өтіп тұрдық. Бірақ, бұнда емес басқа кәсіпорында тәжірибеден өткен едім. Сосын «Нефтехим ЛТД» өкілдері біздің колледжге келіп, өз жұмыс орындарын ұсынды. Содан бері осы жерде жұмыс істеймін
Елдоспен бірге білім алғандардың қазір оның әріптесі. Ол жұмыс істейтін бір ғана цехтың өзінде үш курстасы жұмыс істейді. Достармен бірге жұмыс істеу оларға жаңа жағдайларға оңай бейімделуге мүмкіндік береді. Жігіттердің негізгі жұмыс бағыты – жоғары сапалы бензин жасау үшін кеңінен қолданылатын химиялық затты өндіру.
ЕЛДОС ТҰЯҚБАЙ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ОПЕРАТОРЫ
Біз Павлодар мұнай-химия зауытынан газ, метаном аламыз. Бұның бәрі өзіндік жүйемен жүретін үдеріс. Технологиялық талапқа сәйкес өңделеді. Біз осының бәрін бақылап, біздің цехқа қабылдаймыз. Сосын біз бензин сапасын жақсартуға бағытталған міндетімізді атқарамыз
Қызметкерлер өндірістік процестерді үнемі қадағалап отырады. Әр екі сағат сайын техникалық құрал-жабдықтарды тексеріп, күніне бірнеше рет дайын өнімнің сапасын бағалайды. Қатаң бақылау кез- келген ауытқуларды жылдам анықтауға және жоғары өндіріс стандарттарын сақтауға мүмкіндік береді.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров