Қалдықтарды өңдеу экологиялық ахуалды жақсартудың төте жолдарының бірі. Әрі бұл экономикалық тұрғыдан да маңызға ие. Осы бағыттағы кәсіпорын облыс орталығында 20 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істейді. Кәсіпорынның экологиялық маңыздылығы оқушыларға таныстырылды.
«Аманат» партиясы ұйытқы болған шараға Абай атындағы мектептің оқушылары қатысты. Бұл кәсіпорын тамақ өнеркәсібіне қажетті картоннан жасалған қораптар мен қаптамаларды шығарады. Ерекшелігі – ешқандай қалдық қалдырмайды, тиісінше, экологияға еш зиян жоқ. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.
ГҮЛНӘР ҚАЙДАРОВА, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Біздің өнімдердің барлығы экологиялық таза шикізаттардан жасалған. Басты ұстанымымыз осы. Мәселе, жүгері крахмалы қолданылады. Сонымен қатар, өз қалдықтарымызды да қайта өңдейміз
Кәсіпорыннның қайта өңделген қалдықтарынан осындай жұмыртқа науалары жасалады. Бұл үшін арнайы цех жұмыс істеп тұр. Шара аясында оқушылар кәсіпорынның тынысымен танысып қана қоймай, бұнда жұмыс істеу үшін қандай мамандықтар қажет екендігі жайлы да мағұлмат алды.
САҒЫНБЕК ӨМІРЗАҚ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ
Маған өте қатты ұнады. Осы зауытта өңделетін заттар, каробкалар шығару әдісін көрдім. Өңірімізде осындай зауыттың болғанына қуаныштымын. Бұл біздің экологиямызға, әлеуметтік жағдайымызға керек. Осы зауытта инженер немесе басқада маман болып жұмыс істесем қуанышты болушы едім.
АЙДАНА АМАНЖОЛОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ
Біз осы зауытқа алғаш келіп, өте қатты таңғалдық. Себебі бұл жерде әрбір жұмыскер өз жұмысын жасап жатты. Сыныбымызбен келіп таңғалдық. Бұл жер өте керемет.
Кәсіпорын тәулігіне 100 мың қорап шығарып, 3-4 тонна қалдықты қайта өңдейді.
Жанасыл Серікбол