21 ақпан күні әлемде «Халықаралық ана тілі» күні болып белгіленген. Бұл дата 1999 жылы ЮНЕСКО-ның басты конференцияда бекітілген. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.

ЮНЕСКО тарапынан әлем халықтарының тілі мен мәдениетінің сан түрлі ахуалын қолдау мақсатында жыл сайын «Халықаралық ана тілі күні» 21 ақпан деп қабылданған. Мұнда әлем халықтары тілдерінің өзіндік даралық ерекшелігін, қарым-қатынастық, мәдени қолданысы мен ықпалын қалыпты ұстау керек деген мақсат болған.

ШОЛПАН КИНЖИКОВА, «АНА ТІЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Барлық қазақстандықтарға ортақ мереке. Осындай мереке болғанына тәубе деймін. Бұл тілімізге деген құрметін көрсетіп білдіріп жатыр, соған әбден лайық. Ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ана тілімізді біз құрмет, қызмет етіп жағдай жасауымыз керек

Былтыр елімізде тіл оқыту орталықтарына 29 мың азамат қазақ тілін үйренуге келген. Осы мақсатта өңірімізде тіл үйрететін орталық 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

ШОЛПАН КИНЖИКОВА, «АНА ТІЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бізде әртүрлі топ, олардың деңгейлері де әртүрлі. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларын өткізіп жатамыз, бізде судья, прокуратура қызметкерлері, облыстық әкімдіктің қызметкерлері оқып жатыр. Барлық салада құрастырылған курс, бағдарламалар бар. Әртүрлі деңгей, өзге ұлттарға басынан бастап осындай қызмет етіп жатырмыз

Ана тілін біліп, сүю, оның өткені мен бүгінін, әрі қолданыс аясын кеңейту әр азаматтың парызы.

Қымбат Садық