Қаладағы 15 қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Төтеншеліктер өрт сөндіру мен тұрғындарды эвакуациялау әдістерін пысықтады. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ТІЛШІ
Оқу-жаттығу шарты бойынша Назарбаев көшесі 89/2 мекенжайында орналасқан көп қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, өртті сөндіруі қажет болады
ӘДІЛБЕК ТЕМІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Адамдардың өрт кезінде эвакуациялау әрекеті біздің қызметкерлердің жұмысын пысықтайды. Мысалы, бұл көпқабатты үйдің бесінші қабатынан өрт шықты деген хабарлама түсті. Сәйкесінше, 5 және 6-ыншы қабаттарда тұратын адамдарды сыртқа шығарамыз. Жалған өртті сөндіру кезінде қатты түтіннің әсерінен 2 адам адасып, жоғары қабатқа жүгірген, құтқарушы оларды арнайы құралмен сыртқа шығарды. Шараға барлығы 6 бірлік техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды
Кәсіби мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Және өрт болған жағдайда көп қабатты үйде, адамдарды қай жерден, қалай шығару және құтқару жұмыстары да пысықталды.
ӘДІЛБЕК ТЕМІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Егер тұрғын үйде өрт болған жағдайда дереу «102» нөміріне қоңырау шалып, толығырақ нақты қай жерде, қанша адам бар екені жөнінде нақты ақпарат беру керек. Өздеріңіздің чатта жазып, көршілерге хабар беру керек.Мүмкіндігінше сыртқа шығып, құтқарушылар келгенде оларға барлығын түсіндіріп, әрі қарай мамандар айтқан ережедерді тыңдаған жөн
Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері – адамдардың өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамауы, - дейді мамандар.
ӘДІЛБЕК ТЕМІРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗЕКШІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Алдымен үйден шығар алдында электр жедідерін немесе газды сөндіріп кету керек. Қазір ата-аналардың көбі жұмыста болады, сол уақытта мейлінше балаларды жалғыз қалдырмау қажет. Кей кезде үтікті сөндіріп кетуді ұмытып жатады, сондықтан үйден шықпас бұрын барлығын қадағалап, тексеріп кеткен дұрыс
Мұндай оқу-жаттығу жұмыстары шаһарда жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Бұл құтқарушылардың тілсіз жаумен күрес бойынша дағдыларын пысықтап, жылдам әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Қымбат Садық