Павлодар медициналық жоғары колледжінің спорт залында "Жас Батыр-2025" атты волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Оған колледж студенттерінен құралған командалар қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.
Бұл жарыс колледж студенттері арасында спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында өтті. Сондай-ақ, командалық рухты көтеріп, өзара достық қарым-қатынасты арттыруда маңызды болды.
НИКОЛАЙ СИДОРОВ, ПАВЛОДАР ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
«Жас Батыр» сайысы дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Биыл бізде төрт команда ойнайды. Мәселен, жоғары медициналық колледжі, мұнай-химия, ақпараттық-технология колледжінің студенттері қатысады. Қарсылас командалар қызықтырады. Көбі жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысып жүр. Оның үстіне балалардың қандай физикалық формада екенін білгіміз келеді. Спорттық ойындардың маңызы зор.
Жарысқа әр командадан 10 адам қатысты. Олар дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеу қабілетін көрсете отырып, тамаша нәтижелер көрсете алды.
ІЛИЯС ҚҰДАЙ БЕРГЕН, ҚАТЫСУШЫ
Біздің команда мықты, жеңіске жетеміз деп ойлаймын. Осып спортқа көп көңіл бөлемін, волейболмен айналысамын
Жарыс барлық қатысушылар үшін жарқын сәттерге толы болды. Бірінші орынды жоғары медициналық колледж құрамасы жеңіп алды, екінші орынды осы колледждің тағы бір командасы, ал машина жасау колледжінің спортшыларына үщінші орын бұйырды. «Жас батыр-2025» салауатты өмір салты мәдениетін ілгерілетудегі маңызды ойынның бірі болды.
Қымбат Садық