Еңбек саласындағы кез келген дау-жаңжалды шиеленістермей шешу керек. Ол үшін еңбек төрелігінің құзіретін кеңейту аса маңызды. Осылай деген Сенаторлар ұжымдық қарым-қатынастар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ниетті. Заң жобасында бірлестік еркіндігі мен ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығын кеңейту, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларын шешу тетіктерін реформалау көзделген. Бұл өзгерістер қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға да серпін бермек.
РУСЛАН РҮСТЕМОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Парламент депутаттарының бастамашылығымен дайындалған және Нәрікбаев университетінің ғалымдары дайындауға қатысқан осы заң жобасы Президентіміз жариялаған биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясында қарапайым еңбек адамдарының құқығын қорғауды одан әрі жетілдіреді, кәсіродақтардың мәртебесін нығайтады, сонымен бірге жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы әлеуметтік диалогті кеңейтеді деген сеніміміз бар. Жалпы осы заң жобасы биылғы жылы парламенттің қарауына ұсынылатын болады.