Бүгін сағат күндізгі 11 шамасында Павлодарда Сұрағанов көшесі бойындағы үш қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 12 адам құтқарылды.

Өрт орнына жедел түрде өрт сөндірушілер шыққан. Олар дереу азаматтарды эвакуациялап, бірінші қабатта орналасқан пәтердегі өртті сөндірді. Айта кетейік, өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғарғы қабаттардан үш тізе сатысы бойынша 12 адам құтқарылды, оның ішінде кәмелет жасына толмаған 2 бала бар.

Сонымен қатар, жанып жатқан пәтерден 1986 жылы туған ер адам құтқарылды. Жедел жәрдемге тапсырылды. Қазір жансақтау бөлімінде. Жағдайы тұрақты ауыр, орташа дәрежелі иіс газымен уланған, есін біледі. Денесінің 18%-ын 1-дәрежелі күйік шалған. Сондай-ақ, өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер бір газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 11.35-те толықтай жойылды. Өрттің себебі анықталуда.

Дильназ Куанышбекова