Бүгін, 21 ақпан – Халықаралық экскурсия жүргізуші күні. Мәдениет пен тарихты насихаттайтын мамандарға арналған. Экскурсия жүргізушілері тарихи орындарды, мұражайларды таныстыру арқылы келушілерге ерекше әсер сыйлап келеді.

Кәсіби мереке алғаш рет 1990 жылы атап өтілді. Бұл күннің мақсаты – гидтердің еңбегін дәріптеп, осы кәсіптің маңыздылығын арттыру. Әрбір тарихи орынның өзіндік сыры мен тағылымы бар. Осыны халыққа қызықты етіп жеткізу – кәсіби шеберлікті талап етеді. Бүгінгі күні елімізде бұл мамандықтың маңызы артып келеді.

ЖЕҢІСБЕК ҚАДЫРҰЛЫ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ КӨПШІЛІК БӨЛІМІНІҢ ЭКСКУРСОВОД ЖЕТЕКШІСІ

Біздің музейлерге жалпысы шетелдерден еліміздің түкпір-түкпірінен немесе осы Павлодар тұрғындары күнделікті келіп, музейміздегі құнды жәдігерлерімен танысып жатады. Енді экскурсовод болу үшін де ол өзінің қиындықтры бар. Сол музейдегі жәдігерлердің барлық тарихын білу керексің. Келген қонақтарға құнды жәдігерлердің тарихын тереңнен сыр шертіп, айтып беріп, түсіндіруге біз барынша күш-жігерімізді жұмсайсыз. Кейбір келген қонақтардың сұрақтарына жауаптар береміз.

Экскурсия жүргізушісі – жай ғана гид емес. Ол мәдениет пен тарихты халыққа жеткізуші тұлға.

ЖЕҢІСБЕК ҚАДЫРҰЛЫ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ КӨПШІЛІК БӨЛІМІНІҢ ЭКСКУРСОВОД ЖЕТЕКШІСІ

Музейдегі жәдігерлер әртүрлі ғой. Картиналар бар, бал-бал тастар, батырлар туралы бар. Өзіміздің табиғат залымыз бар. Немесе ерте кезеңде табылған ғұн,сақ түрік заманындағы жәдігерлердің барлығын біз тереңірек біліп, барынша келген қонақтардың жүрегіне жеткізуге тырысамыз.

Қазіргі таңда экскурсия жүргізушілеріне қойылатын талаптар жоғары. Олар тек тарихи деректерді жаттап қана қоймай, көрермендермен байланыс орнатып, әсерлі жеткізе білуі қажет. Білікті гидтің әңгімесінен кейін әрбір тыңдаушы рухани байып, жаңа әсерге бөленетін болады.

Сабина Жолдаспаева