Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсанында жастарды патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында «ерлік елге мұра-ұрпаққа ұран» атты шара ұйымдастырылды. Оған майданда тыңбай еңбек еткен ардагерлеріміздің туыстары қатысты.

Биыл еліміз үшін мерейлі даталарға толы жыл. Айта кетер болсақ, Жеңістің 80 жылдығы тойланады. Осыған орай,техникалық сервис колледжінде табанды ерлігімен жеңіске жеткен жандардың өмірі өскелең ұрпаққа насихатталды.

ГҮЛНӘР ЕЛЬТАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №4 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біздің ардагерлер кеңесінде көптеген ата-әжелер жұмыс ітсеп, осы мектептерге барып өздерінің тәлім-тәрбие, ақыл-кеңестерін айтып көптеген іс-шараларға қатысып отырады.

ҚИЯТ КЕҢЕСБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №4 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕСІ

Ал енді қазіргі жағдайда мына 80 жылдыққа қарсы тружники тэла соларды іздестіріп жатырмыз. Адрестерін обновлять етіп, көбі көшіп кеткен. Көбі басқа ауданға ауысып кеткен. Солардың барлығын уточнять етіп, сол кісілермен көп жұмыс істеп жатырмыз.

Соғыс қасіреті ешқашан қайталанбауы үшін тарихты біліп қана қоймай, оның тағылымын түсінуіміз қажет. Ерлікті ұмытпай, тылда еңбек еткендерге, құрмет көрсету біздің міндеттіміз. Ардагерлерге студенттер де әрдайым қөмек көрсетуге дайын.

ЕРАСЫЛ ТҰРСЫН, СТУДЕНТ

Мен осы іс-шараға бірінші рет қасысып отырған жоқпын.Бірнеше рет қатысып отырмын. Осы апайлардан және ардагерлерден тәлім-тәрбие аламын. Және олардың айтқан сөздерін бұлжытпай орындаймын. Қандай нәрсе болсада көмектесуге тырысамын.

Сондай-ақ, аталмыш шарада ардагерлеріміз өлең жолдарын оқыды. Бұдан кейін оқу орны басшының атынан алғыс хатпен марапатталды.

Дильназ Куанышбекова