Павлодарда студенттер арасында алғаш рет өңіраралық әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс өтті. Онда жастар кермеде тартылып, автомат жинап, әскери дағдыларын ортаға салды.

Біздің өңірде алғаш рет өтіп отырған жарыстың негізгі мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери-патриоттық жұмысты жандандыру және жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу. Шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған.

АЙГҮЛ МӘЛІКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Уақыт өткен сайын сұм соғыс ұмыт болғанымен батырлардың есімі біз үшін асыл қазына болып қалады. Павлодар өңірінен шыққан азамттардың есімдері тарих беттерінде мәңгі қалады. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.

Жарысқа жалпы Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарынан 12 команда қатысып, бақтарын сынады. 11 колледжден 1-2 курстың 60 тан астам студенті келген.

ЫҚЫЛАС ӘБДУХОДЖАЕВ, ЖОҒАРЫ ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІНІҢ АӘД ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

5 бағыт бойынша 12 команда ойнатылады. Автомат жинау, оқтау, эстафетадан өтеді. Соңғысы арқан тарту. 5 сайыс бойынша қорытынды шығарып, жеңімпазды анықтаймыз.

Студенттер жарысқа дайындықпен келген, бәрінде бір мақсат – жеңіске жету.

ӘЛІМЖАН АМАНТАЕВ, СЕМЕЙ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл жарыс Қайырбаевтың 100 арналған жарыс. Осы жарыс арқылы патриоттық сезімін артады. Алғысымыз шексіз.

ӘНУАР ЕРМЕКОВ, ПАВЛОДАР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ

Дайындық өте жақсы болды. Жақсы результат көрсетеміз деп ойлаймын. Сборка магазина. Қатысқанмын. Жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын.

Жастардың бойында қарапайым әскери дағдылардың қалыптасқаны дұрыс. Бүгінгі шара да осы мақсатқа бағытталған.

Самал Қалиқызы