Облыстық соттың жанынан құрылған билер кеңесі бүгінде өз міндетін белсенді атқаруда. Құрылғанына алты жыл болған кеңес соңғы екі жылдың ішінде 8 мың даудың шешімін тапқан.
Бұл билер кеңесінің кезекті отырысы. Кеңес төрағасының бірінші орынбасарын және орынбасары сайлануда. Жалпы кеңес азаматтарды бірлікке, татулыққа шақырады. Азаматтық дау-дамайларды бітімге бұрады.
АМАНГЕЛДІ ХАМЗИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Павлодар қаласында 22 би бар. Барлығы да аймағымыздың құрметті азаматтары. Үлкен өмірлік жолдан өткен жандар. Өз уақытында үлкен жауапты мемлекеттік қызмет атқарғандар. Қазір олар құрметті демалыста. Бірақ, олардың тәжірибесін, білімін өмірде пайдаланудамыз.
Билер кеңесі әр түрлі мәселе бойынша дау-дамайларды қарайды. Тұрмыстық мәселер де, азамаматтық істер де осы кеңесте қаралып жатады.
ПАВЕЛ СУРМА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Облыста халық көп. Шағымдар да көп. Судьялар үлгере алмай жатады. Ал, билер кеңесі судьяларға мәселерді шешуде жәрдемдеседі
Би - Қазақ хандығы кезінде айрықша ықпалға, беделге ие болған тұлғалар. Тұтас қоғамдық қарым-қатынасты реттеген институт.
Билер кеңесінің маңызы азаматтарды бірлікке шақыру ғана емес, әр түрлі келеңсіздіктің алдын-алуында да мағынасы кең.
Жанасыл Серікбол