Елімізде «Асар баспана» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталып, 1 млрд теңгеден астам қаражат тәркіленді. 2 азаматты екі айға қамау туралы санкция берілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция қолға алынды. Нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Асар баспана» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды.

ӘЛИЯ ҚОЖАМҚҰЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлікті, тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген. Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1 млрд теңгеден астам сомада қолма қол ақша және ішінде премиум кластағы көліктер тәркіленді.

Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі санкция салды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық Кодекстің іс жүргізу Кодексінің 201 бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Самал Қалиқызы