Павлодарда облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда бірқатар әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы айтылды.

2025 жылдың 31- қаңтарындағы жағдай бойынша облыста МӘМС ке ресми жарна аудармайтын, яғни, медициналық сақтандыруы жоқ тұрғындар саны 116 мыңнан асқан. Олардың ішінде 25 мыңы Д санатындағы тұрғындар болса, 9 мыңы Е санатындағылар.

ӘЛІМЖАН МҰХАМБЕТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Міндетті медициналық сақтандырудың маңызын түсіндіру мақсатында МӘМС филиал 340 тан астам кездесу өткізді. Оған халықтың әр түрлі топ өкілдері қатысты. Медицина қызметкерлерімен де жұмыс жүргізілді. Жиыны 17 мың 600 адам қамтылды

Түсіндіру жұмыстары білім беру саласында да жалғасуда. ЖОО түтектерімен де, әр түрлі білім мекемелерінің ұзақ демалыстағы қызметкерлермен де кеңес өткізілген. Сала мамандарына жұмысты одан әрмен күшейтіп сақтандырылмағандардың санын мейлінше қысқарту тапсырылды. Сонымен қатар, кеңес аясында отбасылық-тұрмыстық қылмыс жайы да сөз болды. Бұл саладағы қылмыс айтарлық артқандығы айтылды. Алайда бұл жағдай жаңа заңның қабылдануымен байланысты дейді полицейлер.

Жанасыл Серікбол