Өңірге жұмыс сапарымен денсаулық сақтау вице-министрі келді. Алдымен елордалық мейман Ақсу қаласының тұрғындармен кездесіп, қалалық аурухана жұмысымен танысты. Толығырақ тілші тарқатады.

Бүгін денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету. Вице-министрдің жұмыс сапарының мақсаты да осы. Кездесуге келген бұқара мазалаған сұрақтарын қойды.

САЛТАНАТ ҚАБЫЛМҰРАТ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Стомотолог, не себепті бізде заводта бар,өздерінің страховкасымен емдеуге болады, ал неге мұғалімдерде ондай жоқ?

ТИМУР МҰРАТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Үлкен ересек адамдардың стоматалогиясы мемлекеттің құзырында емес, және біз олардың қызметін ОСМС-тің ақшасымен де төлей алмаймыз. Тісті емдеу, түзету деген көптеген шет елдердің тәжірибесі секілді біздің елде ары кетсе косметологиялық қызметке жатқызылған. Дегенмен 18 жасқа толмаған балалар мен пенсионерлер, басқа да мүгедектері бар адамдарға жедел түрде тегін көрсете аламыз.АЛ ересек, жұмыс істейтін, дені сау адамдарға өкінішке орай ол қызметті ақылы беріп көрсетуге болады

Ақсуда лор дәрігері тапшы. Қазір тек 1 маман ғана қызмет көрсетеді. Қабылдау уақыты да аз. Тұрғындар балалар ауырғанда дер кезінде көмекке жүгіне алмаймыз длейді. Мәселені шешіп беруін сұрады.

ТИМУР МҰРАТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Денсаулық сақтау басқармасына тапсырма беремін. Негізінде 65-70 мыңдай халыққа екі лор дәрігері қажет болады деп өзімде ойлаймын. Өйткені жедел жағдайлар болуы мүмкін, балалардың медосмоторлары бар, сондықтан ол жұмысты қарастырумыз керек

Бұдан кейін ол жеке қабылдау өткізді. Жалғызбасты әке баласының еміне шипа іздеп жүргенін айтып, көмек сұрады. Вице-министр балаға күрделі ота жасау қажет екендігін, және бұл мәселе өз бақылауында болатынын айтты. Сондай-ақ, астаналық мейман журналситердің сауалдарына жауап беріп, медицинадағы жаңашылдықтары туралы айтты. Оның бірі электронды түрде берілетін еңбекке жарамсыз анықтамасы, бұл алдағы уақытта енгізілмек.

ТИМУР МҰРАТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Жалпы денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық шығыс документтерін цифрландырып жатырмыз. Соның аясында больничный лист дейміз, еңбекке жарамсыздық қағазы да цифрлық көшірмеге өтеді. Бұрынғы кезде диагнозды қолмен жазып беретін, түбіртегі больницада қалатын. Ол енді электронды түрде жүргізілетін болады. Оның есебін жүргізуге де оңай болады және кімнің, қашан бергенін бақылауға ыңғайлы болады. Өйткені бұл АКТ төлеуге арналған документ ғой, ертең оның жұмыс берушісі сол документке қарай ақшасын береді

Тимур Мұратұлы еліміздегі 11 жастағы қыз балаларға егілетін вакцина барысы туралы да түсініктеме берді.

ТИМУР МҰРАТОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

11 жастағы қыздарға уақытылы жасалатын бұл екпе 98% қатерлі ісіктің дамуына жол бермейді. Және тағы бір жолы бұл онкологқа кезекте тұрмауға мүмкіндік береді. Қазір елімізде екпе алу жақсы жүріп жатыр, қоғам тарапынан да түсінік бар.Республика бойынша нақты айта алмаймын әрине, ал осы Павлодардың өзіңде қыздардың 62 %-ы екпе алған, бұл жаман емес. Және әрі қарай бұл бағытта жұмыстар жалғасады.

Содан кейін вице-министрдің жұмыс сапары Ақсу қалалық ауруханасында жалғасты. Медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Бас дәрігер аурухана ішінен оңалту бөлімін ашу жоспарда бар екендігін айтты.

ҚАЙЫРЛЫ КАБУЛОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ АУРАХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Қазір бізде 6 оңалту төсегі ғана бар, ол әрине жетпейді. Сондықтан жеке бір бөлім ашсақ деген едік. Оның ішінде ересектер мен балаларға арналған барлық тиісті медициналық жабдықтар болса тұрғындарға да ыңғайлы болар еді

Жұмыс сапары барысында медицина қызметкерлерін кәсіби сақтандыру, кезек, және кадр тапшылығы мәселелері де айтылды.

Қымбат Садық