Олигархтар оңдырмаған стратегиялық нысан мемлекет меншігіне өткен соң оңалды. Екібастұз жылу-электр орталығы, қазір тұтас қаланы еш қиындықсыз жылытып тұр. Ал, екі жыл бұрын жекенің иелігіндегі нысан қарашада қатып қалып, Екібастұз халқы алты ай қыстан әрең шыққан болатын. Кәсіпорынның қазіргі жағдайы қалай?.
Аяз қысқанда осы есі құбырлар шыдас бермей жарылып, көп жұрт көктемге дейін жылуға жарымады. Сол кезде құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері стратегиялық нысанның ішіне резеңке етікпен де кіре алмай қалған еді. Қазандықтағы қызыл шоқтан басқа менің айналамдағы мына жабдықтарды бірінен бірін айыру қиын болатын. Себебі, ғиараттың іші күлге толып,шаң басты. Слесарлар мен техниктер жұмыс орнында 10 минуттан артық аялдай алмайтын.Тіпті, төбесі құлап ғимарат іші азынап кетті. Қаланы жылыту былай тұрсын, мамандар жұмысын тастап қашты. Ал, қазір жағдай басқа.
РАЙГҮЛ ҮМИЕВА ЕКІБАСТҰЗ ЖЭО НЫҢ ЖҰМЫСКЕРІ
Куфайкамен жүретінбіз.. Енді өздеріңіз көріп тұрсыз, цехтың іші жылы. Арнайы киім бермейтін. Қазір қысқы арнайы киім береді. Айлығымзды көтерді 40 пайызға. Желтоқсан айында екі рет сыйақы берді. Ешқашан бермейтін осындай сыйақы.
ЕРСІНТАЙ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ, АУЫСЫМ БАСШЫСЫ
Бәрі болды,көмір де, шаң да болды. Котелдар ол кезде нашар жұмыс істеді. Режим жаман болды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары уақытында атқарылады.Мамандар тапшылығы әлі де бар. Бірақ қазір жақсы келіп отыр. Жан-жақтан оқу бітірген жастар да келіп отыр.
Қазір орталық қалаға 80 градустық температурамен 14 мың 200 тонна ыстық су беріп тұр. Бу қазандықтары мен су қыздырғыш қазандықтар түгелдей жөнделді. Бірақ, күтім көрмей әбден ескіргендіктен ара-тұра сыр береді.
АЙДАРБЕК ҚЫСТАУБАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ЖЭО НЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Стансада ақаулар осы жылу маусымы басталғалы бері 3 рет болды. Ол бу қазандықтарының ақауларына байланысты. Бірақ қалаға жылудың мөлшері ешқашан төмендеген емес. Бізде қазір резерв бар. Қалаға артығымен бере аламыз.
Жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін көтеру үшін кәсіпорын еңбекақыны 40 пайызға көтерген. Жастар жұмысқа қабылданып жатыр. Оларға төленетін әлеуметтік жәрдем көлемі де биыл ұлғайтылған.
Жанасыл Серікбол, Болат Аманбаев