Азиада ойындарының тағы бір жүлдегері туған өлкесіне оралды. Жерлесіміз, биатлоншы Дарья Климина эстафеталық команда құрамында қола жүлдегері атанып, ел намысын қорғады. Бүгін спортшыны жерлестері сән-салтанатымен әуежайдан қарсы алды. Тілші әңгімесінде.

Сарықұрлық бәсекесінен олжалы оралған Дарья Климинаны Павлодарлықтар осылай қарсы алды. Шашу шашып, ән арнады. Қоланы қолдан бермеген Дарья бұл құрметті ерекше ықыласпен қабылдады.

ДАРЬЯ КЛИМИНА, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Әрине, бұл жеңіс оңай келген жоқ. Нәтеже көрсету үшін бар күш жігерімізді жұмсадық. Иә, келешекте алтынға қол жеткізу үшін аянбай еңбек ету керек. Бүгін мені қарсы алып жатқан жерлестеріме ризашылығымды білдіремін

Жаттықтырушы Николай Выдрин спортшы ойынын мұқият қараған. Ол Дарья топтық жарсыта «алтын» алуға әбден лайық болғанын айтады.

НИКОЛАЙ ВЫДРИН, БИАТЛОННАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Бірінші жарыс қысқа болды. Мүмкін бұған халықаралық бастамалардың болмауы әсер еткен шығар. Екінші мәре жақсы өтті. Оған 30 секундтық эстафета берілді. Ол қарсыласын қуып жеттіп, бірге эстафетаны тапсырды. Яғни, біз жеке жарыста алтын медальға қол жеткізе алушы едік

Дарьяның алар асулар әлі алды. Алда спартакиада өтеді. Бұған спортшылар қызу дайындалмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы