Біздің елде соңғы жылдары жүрек қан тамыр аурулары жастар арасында өршіп тұр. Павлодар облысының кардиологиялық орталығының қабылдау бөлімшесіне тәулігіне 25-30 адам келіп жүгінеді, олардың қатарында жастар көп.

Бұрын 50-70 жас аралығындағы азаматтар осы ауруларға жиі шалдығатын. Енді 35-50 жас аралығындағы ел тұрғындарының жүрегі жиі сырқаттанатын болған. Ер адамдар 45 жастан, әйел адамдар 55 жастан асқанда жедел коронарлық синдроммен көп жүгінеді екен. Осылайша соңғы кезде біздің елде жүрек қан тамырлары аурулары жасарды, деп отыр дәрігерлер.

ӘСЕМ ЖАНИСОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

Инфаркттан бөлек бізге артериалдық гипертензиямен, өкпенің асқынуымен, мұрыннан қан кетуімен, ритмнің бұзылуымен, өкпе артериясының тромэмболиясымен науқастар қабылдау бөлімшесіне жүгінеді. Осы жерде тексеріп, сараптама жасаймыз. Қажет болса жүрекке ультра дыбыстық зерттеу жүргіземіз.

Ауру жас талғамай барады. Оған осындағы дәрігерлер куә. Кардиологиялық орталықтың қабылдау бөлімшесіне тәулігіне 25-35 науқас келіп түседі. Олардың жартысы өздері жүгінсе, жартысын жедел жәрдем жеткізеді.

Самал Қалиқызы