Елімізде әуе тасымалына қатысты арыз-шағым көп. Бұл туралы үкімет отырысныда премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Еліміздің әуежайлары халықаралық стандарттар бойынша мультимодальді орталыққа айналуға тиіс. Бұл әртүрлі көлік түрлерімен жеткізілетін жүктерді қабылдау және тарату қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда Премьер-министр жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге қатысты проблемаларды шұғыл әрі жүйелі шешу керек екенін айтты.

 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Жолаушыларға ең жоғары стандарттар бойынша қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударыңыздар. Бұл мәселеге қатысты арыз-шағымдар көп. Орын алған проблемаларды шұғыл әрі жүйелі түрде шешу керек. Авиация саласы турзмді дамытудың маңызды факторы болып табылады. Кендрлі, Зайсан және Қатон-Қарағай курорттық аймақтары айқындалды онда жаңа әуежайлардың құрылысы жақында басталады және биыл аяқталуға тиіс».01:00

 ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮК ТАСИТЫН ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ АШЫЛУЫ МҮМКІН

Түйін: Ал, көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, Қазақстанда жүк таситын әуе компаниясы ашылуы мүмкін. SCAT әуе компаниясы жүк тасымалдайтын компания ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Қазақстанның әуе паркінде қазір 104 ұшақ бар, жыл соңына дейін тағы 14 ұшақтың келуі тиіс. Бұл шешім - тасымалдау сыйымдылығын 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.