Биыл 226 жаңа теміржол вагоны сатып алынады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, жыл соңына дейін 13 бағыт бойынша жолаушы вагондары жаңаруы тиіс. Оның бесеуі – халықаралық. Жаңа вагондар кондиционер, Wi-Fi, заманауи дәретхана, кеңейтілген жүк сөрелерімен қамтылған. Сондай-ақ, биыл 2 ірі темір жол желісі пайдалануға беріледі. Олар - Достық-Мойынты және Алматы айналма жобасы.

НҰРЖАН КЕЛБУҒАНОВ, ҚР КМ ТЕМІРЖОЛ ЖӘНЕ СУ КӨЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанда 1800-ге жуық локоматив қолданыста. Екі жыл бұрын тозуы 60 пайызға жеткен. Сондықтан локоматив сатып алу ойдағыдай жүргізіліп, былтыр 185 локоматив алынды. Биыл 200 локоматив сатып алынады. Сөйтіп, тозу деңгейі 48 пайызға жетіп, қозғалысқа толық қамтамасыз етіледі.