Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде есік байқаусызда жабылып, екі кішкентай бала үйде қамалып қалған. Құтқарушылар жедел жетіп, балаларды аман-есен шығарып алды.
Оқиға 19 ақпанда Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Кіреберіс есік кенеттен жабылып қалып, ішінде бір жастан асқан екі бала жалғыз қалған. Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел жетті. Олар бала күтушінің қатысуымен арнайы құралдың көмегімен есікті ашқан. Бүлдіршіндер ешқандай жарақат алған жоқ. Медициналық көмек қажет болмады. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды және кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмауды ескертеді.
Сабина Жолдаспава