«Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы біршама жаңарған елдімекендердің бірі Аққулы ауданындағы Жамбыл ауылы. Онда мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, көшелерге асфальт төселген. Бүгінде ауыл халқы осы игіліктердің жемісін жеп отыр.

Бұл Жамбыл ауылындағы күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі. 2023 жылы осы ауылда «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы жүргізілген кезде күрделі жөндеуден өткен.

МЕРЛАН КАЛЛЕМОВ, ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Барлық нәрсе жасалды. Төбеден бастап ішіне дейін. Орындықтарды да әкелді солар өздері. Бүкіл жұмыс солардікі. Көбінесе халықпен жұмыс жасаймыз. Балалармен, үлкен адамдармен. Концерттер дайындаймыз. Сахналық көріністер дайындаймыз. Би, ән. Сондай үйірмелер бар.

Мәдениет үйінің екінші қабатында ауылдық кітапхана орналасқан. 4272 мың дана қоры бар. Көркем әдебиет, балалар әдебиеті, поэзия, өзге де танымдық әдебиеттер. Кітапханашы ауыл тұрғындарының сұранысын орындауға барынша тырысатындықтарын айтады.

ЛАУРА САДЖАНОВА, КІТАПХАНАШЫ

Менің фондымда сол кітап, оқырман сұраған кітап болмаса мен ауданға қоңырау шалып ауданнан әкеліп беремін. Түрлі шаралар өткіземіз. Алдымызда 30 жылдаққа Ассамблеяның 30 жылдыдыған 27 ақпанда үлкен шара өтейін деп жатыр. Соған дайындық үстіндеміз. «Бір ел-бір кітап акциясы өтеді»

Жамбыл ауылдық округінде 1154 адам тұрады. Халықтың тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Ертістің жағалауында орналасуы да осы бағыттың ілгерілеуіне ықпал етуде.

НҰРМАН АЙТУҒАНОВ, ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Жалпы округ бойынша 13 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. 2 ТОО мыз бар. 22 ИП жұмыс істеп тұр. Жамбыл ауылында 5 дүкен халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Тұрақты баға. Биылғы ылы үш ауылымыздың кіреберіс жолдарына асфальт төселейін деп отыр

Сондай-ақ, үш ауылдың электр шамдарын жаңарту үшін әр ауылға 2 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыс Жаңатаң ауылында басталып та кетті.

Жанасыл Серікбол