Өңірімізде «Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал» атты науқаны басталды. Акцияның негізгі мақсаты бұл көлеңкелі экономикамен күрес жүргізу. Сондай-ақ халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері шаһарымыздың ірі сауда орталықтарына барып, саудагерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Елдегі барлық тауар кассалық бақылау аппараттары арқылы сатылуы тиіс. Яғни, кәсіпкер міндетті түрде бұл талаптарды орындауы шарт. Сондай-ақ түрлі құрылғылармен алмастыруға болады. Тек бір ғана затпен шектелмей, қосымша QR код, банк картасымен қабылдау және қарапайым ұялы телефон арқылы төлем жүргізуі тиіс. Айта кетейік, өңірдің сауда нүктелерінде 40 мыңнан астам кассалық аппарат бар. Бірақ тек 66 пайызы ғана қолданыста.
ЕРБОЛАТ ҒАББАСОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
Салық органдары рейдтар жүргізіп жатыр. Біріншіден кассалық аппарат қолданбанғандарға предупреждение беріледі. Екіншіден айыппұл салынады 15АЕК. Постерминал аппараттары болуы керек. Карточкамен төлейтін. Оны қолданбаса 40 АЕК айыппұл салынады.
Дүкенге барып, азық-түлік алғанда тұтынушылардың дені сатушыдан түбіртек сұрамайды. Ал, негізінде заң бойынша толық құқылы. Тіпті, 5 теңгенің тауарын алсаңыз да, чекті талап етуі тиіс.
Кез келген азамат Чек беруден немесе карта бойынша төлемді қабылдаудан бас тартқан тұлға жайында мемлекеттік кірістер департаментіне хабарлап, сыйақы ала алады. Сондай-ақ чек сақтаған азаматтарға олжа бар. Түбіртекті қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының 1 қабатында орналасқан қобдишаға салып, ұтыс жеңіп алуға болады. Міндетті түрде аты-жөнімен байланыс телефонын көрсету керек.
Әйгерім Тоқпанқызы