Заң мен құқықты меңгерген азамат қоғамның дертіне айналған дүниелерге алданбайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ерте бастаған жөн. Алда тамашалаңыздар!

Біздің қоғамда соңғы кезде құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділік, киберқылмыс, әлім-жеттік мәселесі өршіп тұр. Әсіресе жастар арасында. Сондықтан олардың құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Бұл бағытта облыстық Әділет департаменті «Заң және тәртіп» аясында студенттермен кездесті.

ДАНИЯР БАЙДИЛЬДИН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А

Яғни ол дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – өздеріңіз білесіздер Президенттің тапсырмасымен үлкен «Заң мен тәртіп» жүзеге асырылуда. Осындай шара өткізіп жатырмыз оқушылармен және осы студенттерімен.

Шараға Адам құқықтары жөніндегі өңірлік өкіл мен қоғамдық ұйым өкілі де қатысты. Жалпы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін заңдар мен құқықтық нормаларды білу қажет. Мұндай ақпаратқа ие азаматтар өз құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алуға және құқықтық деңгейде шешуге мүмкіндік алады.

Самал Қалиқызы