Ауылды жерде халықтың қалуы үшін, оған тиісті жағдай жасалуы керек. Елдімекендерде қарапайым ауызсудан бастап асфальтталған жолдарға дейін болуы маңызды. Осы ретте Железин ауданының Есқара ауылында биыл тас жол төселеді. Осыған дейін спорт, балалар алаңы орнатылды, мектеп, мәдениет үйі жөнделген.

Железин ауданы Есқара ауылында 40 шақты аула бар. Елдімекен тұрғындарының жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Қайыңды орманды жағалаған елдімекенде су, жарық, қаладан кем емес спорт алаңдары мен мектеп те бар.

Жұлдыз Жақсылықова, ардагер ұстаз

Барлық класстар көріп тұрсыздар. Төбесінен бастап еденіне дейін ашылып, қайта жабылды. Жақсылап жасалынды. Жалпы оқушылардың оқуына, отыруына бәріне жағдай жасалған.

1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа ауылдан көптеген азамат аттанған. Олардың 80-нен астамы елге аман оралса, 100-ге жуығы майдан даласында мерт болды. Осы азаматтарды ертеңгі ұрпақ білу үшін, мектеп қабырғасында мұражай бар. Онда ауылдан шыққан жауынгер-аталарымыз жайлы мәліметтер сақтаулы.

Эльмира Мақажанова, мұражай меңгерушісі

Мұражай мұрагерінде көбінесе көне жәдігерлер, ел тарихы ауыл туралы, соғыс ардагерлері туралы фотостендтер, альбомдар сақталған. Диірмен бар мында көне жәдігерлерден, үтік, үккіш солар да көне жәдігерлер болып саналады.

Ауылда спорт, балалар алаңы, мешіт және мәдениет үйі жұмыс істеп тұр. Орталықтан шалғайда орналасқанмен елдімекен тұрғындарының өмірі жайлы, көңіл күйі жақсы екені байқалды.

Ризагүл Сағымбай, Есқара ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі

Біздің мәдениет үйі 2010 жылы құрылыс жөндеуінен өтіп, 2010 жылы ашылды. 2022 жылы қайта жөндеуден өтті. Барлық мерекелік шаралар осында өтеді. Ауыл тұрғындары белсенді қатысады. Мектеп ұжымы, оқушылар бәрі қатысады.

Қалихан Шайхимов, Есқара ауылының тұрғыны

Бізге ауылға керегі медицина жағы. Қариялар бар, ауру-сырқау. Медик дәрігер жоқ. Оған үй салу керек, медпункт салу керек. Ауылда биыл асфальт салынады деп. Биыл шілде айында бастаймыз деп отыр.

Биыл Есқара ауылында жолдар асфальтталып, жөнделеді деп жоспарланып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар ауыл тынысына жаңа леп әкелді.

Самал Қалиқызы