Өңірімізде «World Skils» аймақтық чемпионаты бастау алды. Бүгін ауқымды жобаның ашылу өтті. Чемпионаттың мақсаты жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, жастардың кәсіби шеберліктерін шыңдау. Шара аясында колледж студенттері мамандықтарына байланысты көрме ұйымдастырды.
Биыл аймақтық чемпионатқа 70 құзыреттілік бойынша 353 студент қатысады. Олар өз салалары бойынша кәсіби дағдыларын көрсетеді. Аймақтық кезең мамыр айына дейін жалғасады. Үздіктер қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.
Алма Айтуарова, Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары
Былтыр бізде 42 құзіреттілік бойынша қатысты, соның 29нан жүлделі орынға ие болдық. Биыл 70 құзыреттілік, кемінде 1,2 орыннан түспейміз деген ойдамыз. Жалпы, биылғы шараның бастауы жыл сайын болады. Биылғы оқу жылы бізде көбінесе тек қана цифрландыру, ақпараттандыру жұмыстары ғана болмайды. Оған қоса энергетика, білім, медицина саласына да қосылады.
Шара аясында «Мамандықтар әлемі» атты көрме ұйымдастырылды. Оған өңіріміздегі 28 колледж қатысып, оннан астам бағыт бойынша өз білім беру бағдарламаларын ұсынды. Студенттер мен ұстаздар әр мамандықтың ерекшелігін көрсетіп, түрлі жобалар мен тәжірибелік жұмыстарын таныстырды.
Дархан Қаржаубай, Павлодар қаласы жоғары электроника және коммуникация колледжі басшысының орынбасары
Осы көрме аясында біздің жоғары электроника және коммуникация колледжі кеңейтілген көрмені дайындады. Жалпы, біздің колледж теміржол саласы және телекоммуникация саласына, яғни, қосымша айти саласына кадр даярлайды. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, осы екі ноутбукта біздің студенттер жарияланған вртуалды тур көрсетілген. Осы көрмеде қағаз форматын жойдық, барлығын ноутбук арқылы көруге болады.
Аймақтық «World Skils» чемпионаты жастардың кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, олардың болашақ маман ретінде қалыптасыуына жол ашатын маңызды жоба. Алдағы уақытта қатысушылар арасынан үздіктер анықталатын болады.
Сабина Жолдаспаева