Бұралқы иттерге енді эвтаназия әдісі қолданылатын болады. Яғни агрессивті, ауру жануарлар осы жолмен жойылуы мүмкін. Сұрақ мәжіліс отырысында қаралды. Ал, қоғам пікірі екіге бөлінді.
Майқайың кентіндегі қоқыс полигонында ит өлекселері табылды. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Осы ретте ветеринария басқармасында фактіні растап, тиісті жұмыстар жүргізілгенін айтты.
Ғалым Бейсенов, Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары
Болжам бойынша сол Майқайың кентінде өлді деген болжам бар. Жиналып, зарасыздардырылды. Орындарын дезинфекциядан өткіздік.
Жыл басынан өңірде ит қауып алудың 300-ден астам жағдайы тіркелді. Қазіргі заңнама аясында бір итті аулау үшін біраз қаражат жұмсалады. Оны аулау, уақытша ұстау пунктіне жеткізу, стерильдеу, вакциналау оңай емес. Оған қоса, оны әкеткен жеріне қайта апарып тастау керек. Бұл ретте тұрғындардан шағымдар саны азаймай тұр. Қаңғырған қаңғыбас иттер адамдарға қауіп төндіріп тұр.
Ғалым Бейсенов, Павлодар облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары
Қаңғыбас иттерді 5 күннен кейін жансыздандыру, иесі бар иттерді 60 күннен кейін жансыздандыру. Бұл бір пайдалы жағы бюджетке шығын азаяды деп күтілуде. Сондай заң мәжілісте қабылданса біздің жұмыс жеңілдейді деп ойлаймыз.
Тиісті түзетулер «жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасында ұсынылды. Ал, қоғамның пікірі екіге бөлінді.
Самал Қалиқызы