Павлодар қаласында екі адам қаза болған апатқа байланысты тергеу жүруде. Полиция іс қозғап мән-жайды анықтауда.
Павлодар қаласында жер қазу жұмыстары кезінде төтенше жағдай орын алып, 5 адам топырақ астында қалып қойған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар топырақ астынан тағы үш адамды аман алып шықты. Оларды ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қарап, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін жедел медициналық жәрдем бригадаларына тапсырды. Үйінділердің астынан екі адамның денесі шығарылды.
Жанна Билялова, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі
«Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция тарапынан сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.»
Сондай-ақ оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрып, 10 күн ішінде қорытынды шығаратынын айтты.
Абылай Сабыров, мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары
«Тергеу комиисиясы ұйымдастырылып жатыр. Тергеу комиссиясы жұмысы кезінде олар осы жазатайым оқиғаның себептерін, мән-жайын қарастыратын болады. Тергеу біткен соң, оның барлығы белгілі болады»
Ал, ауруханадағы үш адамның екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.