Алматы қаласында дәстүрлі әдеби жыл қорытынды өтті. Онда 2025- жылдың әдебиет әлеміндегі жетістіктері айтылып, кемшіліктері түгенделді. Бірқатар қаламгерлер мараптақ ие болды. Олардың қатарында жерлес жазушы Ғалымбек Жұматов халықаралық «Ер төстік» сыйлығын иеленді.
«Ер Төстік» сыйлығы балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін берілетін жазушылар Одағының марапаты. Биылдан бастап табысталуда. Жазушы, журналистика ардагері Ғалымбек Жұматов бұл сыйлыққа «Ала көжек» жинағы үшін иеленді.
Ғалымбек Жұматов, жазушы, халықаралық «Ер төстік» сыйлығының иегері
Шынында да біздің әдебиетіміздегі үлкен бір бастама. Үлкен бір жылжу болды. Жаңа бір бағыттар болды, авторлар болды, жаңа дүниелер өмірге келді. Соны нәтижесі шығар жиында халық көп болды. Көп болғаны шығармашылыққа ниеттің зор екендігін көрсетті. Барлық өңірден әдебиетшілер қатысқан үлкен бір жиын болды.
Бұдан бөлек керекулік екі қаламгерге жазушылар одағының мүшелік билеті де татбысталған. Халықаралық деңгейдегі сыйлыққа жерлес жазушының ие болуы – бұл өңірдегі әдеби процесске берілген баға дейді жазушылар Одағының Павлодар облысындағы өкілі Серік Елікбай.
Серік Елікбай, Қазақстан жазушылар одағының Павлодар облысындағы өкілі
Жалпы өткен жыл Қазақстан әдебиеті үшін көп олда салған жыл деп есептеймін. Соның ішінде проза жанрында да жақсы жаңалықтар көп. Былтыр Баянауыл ауданында Қалмұқан Исабаевтың мерейтойына орай проза мүшайрасы өтті. Оның алдында Сәбит Дөнентаевтың құрметіне «Көркемтейц» байқауы өтті. Соңғы жылдары Кереку өңірінде проза жанры басқаша түрде қарқынды дамып келе жатқан сияқты. Бұл әлемдегі тенденция. Соның бір шетінде біз де бармыз.
Сондай-ақ, биылғы жылдың қазан айында қазақстандық қаламгерлер Павлодар қаласында бас қосып, әр түрлі әдеби шаралар өткізеді деген жоспар бар.