Ертіс өзенінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құтқарушылар өзен айдыны мен өзен маңындағы тоғандарды заманаиу техникалармен патрульдеуде.

Қауіпсіздік шарасын жүргізуге әмбебап аэроқайық қолданылуда. Бұл техника кез-келген ауа райы мен жыл мезгілінде айдынды шарлауға қауқарлы. Суда да мұзда да кідіріссіз жүре алады. Маусымаралық кезеңде де қолдануға ыңғайлы. Су көлігінің жоғары жылдамдығы мен сенімділігі кез-келген оқым оқиғаны еңсеруге мүмкіндік береді.