Музыкалық колледжде студенттік симфониялық оркестрдің концерті өтті. Онда есімдері өнер тарихында мәңгі жазылған классик композиторлардың шығармалары орындалды. Астана қаласынан арнайы дирижер қонақ та шақырылып, студенттік оркестрмен бірге өнер көрсетті.
Концертте Абайдың әндері, Мұқан Төлебаев, Нұрғиса Тілендиев сияқты композиторлардың туындылары орындалды. Сонымен қатар қазіргі заманғы Айтқали Жайымов, Арман Жайым сияқты қазіргі заманғы қазақ композиторларының да шығармалары көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Концерттік кешке арнайы шақырылған қонақ Арман Жайым оркестрімен бірге музыка кешін әрлей түсті.
Концертке домбыра квартеті де ат салысты. Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» шығармасын орындады. Дайынқыдда үш ай жұмсапты.
Студенттердің өнеріне көрермендердің қошеметі мол болды.