Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында "Ауыл құтқарушылары" атты жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Құтқару бөлімі шалғай елді мекендерді тілсіз жаудан қорғауға бағытталған. Нысан заманауи техникамен жабдықталып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайын. Толығырақ ашылу салтанатына қатысып қайтқан әріптесім Байтұрсын Жұмабайдың әңгімесінде.
Ауылдық жерлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету — маңызды міндет. Төтенше жағдайларда жедел көмек көрсету қажеттігі әрдайым өзекті. Халық саны 135-тен асатын Жоламан ауылында жаңа өртке қарсы құрылымның ашылу салтанаты өтті.Шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов арнайы қатысып, құрылымның маңыздылығын атап өтті. Жаңа бөлімше ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Рамиль Камалов, ҚР ТЖМ вице-министрі
Біз еліміздің әр өңірінде осындай өрт сөндіру бекеттерін ашуды жаспарлап отырмыз. Әлемде ешбір ел барлық елді мекендерді мемлекеттік өрт қызметімен толық қамтамасыз ете алмайды. Қазақстан аумағы кең, ал елді мекендер саны шамамен 6 мыңға жуық. Сондықтан біз мемлекеттік өрт қызметін халық саны 5 мыңнан асатын ауылдарда дамытамыз. Ал халық аз ауылдарда жергілікті билікпен бірге ұйымдастырамыз.
Бекет жұмысқа қажетті барлық заттармен жабдықталған: мамандандырылған өрт автоцистернасы, өрт-техникалық жабдықтар жиынтығы, байланыс құралдары және жауынгерлік киім-кешек. Техника мен жарақты облыстық департамент қамтыған. Меценаттар да өз үлестерін қосып, еріктілерге өтімділігі жоғары вахтовка мен соқасы бар трактор табыс етті.
Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы тек бір кәсіпорынның ғана емес. Тұтас өңірдің қамтамасыз етуге маңызды қадам. Бұл жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Және ең бастысы адам өмірі мен денсаулығын мүлкін қорғауға үлес қосады.
Айта кетейік, өрт сөндіру бекеті 1 700-ге жуық адам тұратын Мүткенов, Әбжан мен Приреченское ауылдарына да қызмет көрсетеді.
Байтұрсын Жұмабай