Ертіс өңірінің жүрегінде орын тепкен Иса Байзақов атындағы кітапхана — мәңгілік мұраның мекені. Биыл қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, жыр жүйрігі Иса Байзақовтың туғанына — 125 жыл. Осыған орай кітапхана қабырғасында тағылымды шаралар өткізу жоспарлануда.Толығырақ тілші бейнематериалында.
Кітап сөрелерінен Байзақовтың тұңғиық поэзиясы мен сырлы шығармалары көз тартады. Ал арнайы бұрышта – ақынның өмір жолын танытатын стенд қойылып, келушілерге оның өнегелі ғұмыры мен өнерін насихаттайтын мол мағлұмат ұсынылған.
Елена Кротова, И.Байзақов атындағы ауылдық кітапхананың кітапханашысы
Осы жылы Иса Байзаковтың 125 жылдығын тойлаймыз.Кітапханамыздың қорында Иса Байзақовтың туындылары мен ол туралы жазған авторлардың кітаптары бар. Қорымызда Иса Байзақовтың ең ескі кітаптарының бірі 1957 жылы басылып шыққан.Мұнда таңдалмалы поэмалары жинақталған.
Ақын есімін иеленген бұл шағын ғана кітапхана – рухани қазына ордасы. Мұнда әдеби кештер, шығармашылық сағаттар мен зияткерлік ойындар тұрақты өткізіліп келеді.
Елена Кротова, И.Байзақов атындағы ауылдық кітапхананың кітапханашысы
Біздің іс-шаралар көпшілік көрермен қауымға арналған. Біз шеттен келген қонақтарға Иса Байзақовтың өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырамыз.Шілде айында іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.Сондай-ақ, шаралар тамыз айнынан қазан дейін жалғасатын болады.
Қабырғаға ілінген “125 жыл” жазуы — ұлы тұлғаға деген тағзым, ұрпақтың ұлы ақынға бас иіп, құрмет білдіруінің белгісі. Мерейтойға келген қонақтар кітапханаға бас сұғып, Иса Байзақовтың шығармашылығымен таныса алады.
Дильназ Куанышбекқызы